Ереванда Үшінші Еуразиялық апталық өтеді

0
84

22-24 қазанда Ереванда Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің қолайлы іскерлік ахуалын қалыптастыруға, өндірістік бағыттарды нығайтуға, экспорттық әлеуетті дамытуға, шет елдік инвесторлар үшін тартымды жағдайлар жасауға бағытталған “Үшінші Еуразиялық апта 2018” атты халықаралық форум өтеді. Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді.

22-24 қазанда Ереванда өтетін “Үшінші Еуразиялық апта 2018” форумы шеңберінде 22 қазанда Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің кезекті отырысы өтеді. Қазақстан делегациясын премьер-министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин басқарады.

Форум Еуразиялық экономикалық одаққа және Еуразиялық коммиссияғы мүше елдердің ұйымдастыруымен жыл сайын өткізілетін шара. Форумды өткізу бойынша бастама 2015 жылдың мамыр айында одаққа мүше елдердің 5 премьер-министрінің шешімімен мақұлданған. Форум алғаш рет 2016 жылдың қазан айынма Мәскеу халықаралық форумы алаңында өткізілді. Екінші рет, 2017 жылы тамызда ЭКСПО халықаралық көрмесі шеңберінде өткен болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз