Еуразия елдері парламенті спикерлерінің IV кеңесі Нұр-Сұлтанда өтеді

0
479
Photo: mfa.kz

Ертең, 24 қыркүйекте Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтанда Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің IV кеңесі өтеді. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады. 

“Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік” атты тақырыпта өтетін IV Кеңеске қатысушыларға Еуразиялық кеңістікті тұрақты дамытуды қамтамасыз етудің ортақ көзқарастары мен жолдарын талқылау және пысықтау ұсынылады.

Кеңестің ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі, Ресей Федерациясы Федеральдық Жиналысының Мемлекеттік Думасы және Корея Республикасының Ұлттық Ассамблеясы.

Қазақстан СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, форумның екі миссиясы бар:

Еуропа және Азия мемлекеттерінің парламентарийлері арасында тікелей көпжақты өзара іс-қимыл жасауды жолға қою;

Еуразиялық кеңістік елдерінің парламентаралық диалогын және жемісті ынтымақтастығын кеңейту.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз