Еуразия елдері парламенттерінің спикерлері қандай мәселелерге шешім іздеді?

0
243

24 қыркүйекте Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтанда Еуразия елдері парламенттерінің спикерлері бірқатар ғаламдық мәселелерді шешу үшін өз ойларын ортаға салды.

Нұрсұлтан Назарбаев: Жердің барлық тұрғыны ғаламшарды қорғауға белсенді атсалысуы керек.

Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

“Парламентаралық одақ 1889 жылы құрылған, бүгін оған 130 жыл толды, 1919 жылғы Ұлттар лигасынан да ертерек құрылған. Одақтың басты мақсаты елдер арасындағы саяси диалогқа жәрдемдесу. Депутаттар саяси қызметкерлерге ғаламшарымыздың тағы да қауіпті аймақта тұрғанын мақсатты түрде жеткізе білуі керек”, – деді Назарбаев.

Назарбаев сонымен қатар, елдердің парламентерийлерін саясаткерлерге ықпал етуге шақырды.

Оқи отырыңыз: Мәжіліс төрағасы әріптестерімен кездесті

Кеңестің алғашқы күндері әріптестерімен жеке-жеке кездескен ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин форумның заң шығарушы органдар арасында жан-жақты диалог орнатуға, өзара сенімді нығайтуға, парламентаралық ынтымақтастықты одан ары күшейтуге кең жола ашатынына сенетінін айтты.

ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Ресей Федералдық жиналысы мемлекеттік Думасының төрағасы Вячеслав Володин жиынның екінші кезеңінде модератор болды. Ол әріптестерін терроризммен күресу үшін модельдік заңдар қабылдау арқылы террористік ұйымдардың бірыңғай тізімін жасауды ұсынды. Оның айтуынша, кей елде бір топ қылмыстық деп саналғанымен, басқа елде жағдай мүлде өзгеше. Сонымен қатар, ол есірткінің заңсыз айналымы және көші-қон саясаты саласындағы заңнаманы құруды ұсынды.

Ресей Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Думасының төрағасы Вячеслав Володин.

Атап өтейік, былтырғы  Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің ІІІ кеңесі Түркияның Анталья қаласында өткен болатын. Бүгінгі жиынға Түркия делегациясын  Түркия ұлттық жиналысының төрағасы Мұстафа Шентоп бастап келді.

Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысының төрағасы Мұстафа Шентоп.

Шентоп жаһандық проблемаларды, соның ішінде көші-қон саласындағы мәселелерді шешудің ортақ саясатын әзірлеудің маңыздылығын атап өтті. Оның пікірінше, кейбір халықаралық ұйымдар, атап айтқанда БҰҰ, бейбітшілікке жету миссиясын орындаудан қашықта қалған.

“Халықаралық саясат пен әлемдік сахнадағы тепе-теңдікті ұстап тұрудың ең сенімді әдісі – өзгеруге бейім құрылымдар мен ұйымдардың ұстанымын ескеру”, – деді Шентоп.

Қытай ынтымақтастық арқылы қарқынды дамып келеді.

Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы тұрақты комитетінің төрағасы Ли Жаншу мәдени-гуманитарлық қатынастарды жандандыру арқылы халықтардың байланысын нығайту керектігін айтты. Оның пікірінше, елдер бір-бірін түсінумен шектелмей, жанашырлықпен рухани сезіне алуы керек.

ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин мен Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы тұрақты комитетінің төрағасы Ли Жаншу. 

“Біз үлкен-кіші, бай немесе кедей демей әр елдің тәуелсіздігін құрметтейміз. Қытай ынтымақтастық арқылы қарқынды дамып келеді. Қытайлар адалдық пен әділеттіліктің жақтаушылары ретінде елдің дамуын әлемнің барлық елінің дамуымен тығыз байланыстырады”, – деді ол.

Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің IV кеңесіне келген делегаттар.

Бутандық делегаттар.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары.

2018 жылғы Еуразия парламенттері спикерлерінің кеңесі Түркияда өткен болатын. 2019 жылы Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтанда өтті. Форумға 60-тан астам елдің парламенттік делегациялары мен 16 халықаралық ұйым өкілдері қатысты.

Abdimanap KENES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз