Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы тағайындалды

0
182
Қазақстан сыртқы істер министрлігі халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы Асқар Әбдірахманов. Photo: pressmfakz

Асқар Әбдірахманов cыртқы істер министрлігі халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Асқар Әбдірахманов 1979 жылы туған. 2002 жылы “Дүниежүзі тарихы” мамандығы бойынша Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін бітірген.

Еңбек жолын ҚР БҒМ ҒК Шығыстану институтында және Назарбаев қоры жанындағы әлемдік экономика және саясат институтында ғылыми және оқытушылық жұмыстан бастап, Польша, АҚШ және Францияда тағылымдамалар мен біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Кейін президент әкімшілігінде мемлекеттік хатшының хатшылығында жұмыс істеген. 2009 жылдан бастап СІМ жүйесінде жұмыс істеп келеді. Халықаралық ақпарат комитетінің басқарма басшысы және төрағасының орынбасары, Қазақстанның Польшадағы елшілігінің кеңесшісі лауазымдарын атқарған.

Ол ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалғанға дейін 2018 жылғы қаңтардан бастап Париж қаласындағы ЮНЕСКО жанындағы ҚР тұрақты өкілінің орынбасары болған.

Екінші сыныпты кеңесші дипломатиялық дәрежесі бар. Ағылшын, поляк және француз тілдерін меңгерген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз