Иманғали Тасмағамбетов елші қызметінен босатылды

0
164
Иманғали Тасмағамбетов.

Иманғали Тасмағамбетов “зейнет жасына жеткендіктен” Қазақстанның Ресейдегі елшісі қызметінен босатылды. Бұл туралы 18 желтоқсанда Қазақстан президенті әкімшілігі хабарлады.

9 желтоқсанда Тасмағамбетов 63 жасқа толған еді.

Тасмағамбетов совет кезеңінде комсомол жетекшілерінің бірі болып, тәуелсіздік кезінде президенттің көмекшісі, Атырау облысының, Алматы қаласы мен астананың әкімі және қорғаныс министрі қызметтерін атқарған.

Ол Қазақстанның Ресейдегі елшісі болып 2017 жылы ақпанда тағайындалған. Тасмағамбетовті бұл қызметке сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаев тағайындаған болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз