Исекешев Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалды

0
132
Әсет Исекешев. Photo: vlast.kz

Әсет Исекешев президент көмекшісі және Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда сайты 16 қаңтарда хабарлады.

Бұған дейін осы қызметті атқарған Қалмұханбет Қасымов мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды.

Исекешев наурыз айында Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімімен Тұңғыш президент қорының атқарушы директоры болып тағайындалған.

Оның алдында шамамен жарты жыл президент әкімшілігін басқарған. 2016 жылдың маусым мен 2018 жылдың қыркүйек айы аралығында Астана (қазіргі Нұр-Сұлтан) қаласының әкімі болған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз