Келесі өңіраралық ынтымақтастық форумы Қазақстанның қай қаласында өтеді?

0
106
Қазақстан мен Ресейдің XVI өңіраралық ынтымақтастық форумы. Ресей. Омбы қаласы. Photo: akorda.kz

Қазақстан мен Ресейдің XVIІ өңіраралық ынтымақтастық форумы 2020 жылы Көкшетауда өтеді. Бұл туралы 7 қарашада Ресейдің Омбы қаласында өткен форумда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

Президент 2020 жылғы форумның тақырыбын да жариялады.

“2020 жылғы форумның тақырыбы – экология және жасыл даму саласындағы ынтымақтастық. Келесі форумды Қазақстанның Көкшетау қаласында өткізуді ұсынамын”, – деді Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің XVI өңіраралық ынтымақтастық форумында.

Ресей басшысы Владимир Путин форумның тақырыбын қолдады.

“Келесі форум Көкшетауды өтеді. Біз оған келісеміз. Ұсынысыңызға және айтқан негізгі тақырыбыңызға алғысымызды білдіреміз”, – деді ол.

Айта кетейік, 2003 жылы алғаш рет Омбы қаласында Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумы өткен. Оған қос мемлекеттің президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин қатысқан. Осыдан соң, Қазақстан мен Ресейдің мемлекет басшыларының өңіраралық ынтымақтастық форумында кездесуі дәстүрге айналған.

“ЕРЕКШЕ НАЗАР АУДАРАТЫН МӘСЕЛЕЛЕР ӘРҚАШАН ТАБЫЛАДЫ”

Қасым-Жомарт Тоқаев қонақжайлық танытқаны үшін Владимир Путинге ризашылық білдіріп, форумның тиімділігі мен табыстылығын атап өтті.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин. Қазақстан мен Ресейдің XVI өңіраралық ынтымақтастық форумы. Ресей. Омбы қаласы. Photo: akorda.kz

Владимир Путин Ресей мен Қазақстанның арасын байланыстыратын дәстүрлі форумның маңызды екенін айтты.

– Ресей мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас табысты дамып келеді. Былтыр тауар айналымы 14 пайыздан асты. Инвестиция көлемі ұлғайды. Біз тұрақты түрде кездесіп отырамыз. Ерекше назар аударатын мәселелер әрқашан табылады, – деді Владимир Путин.

Форумда қос елдің экономика министрліктері өңіраралық ынтымақтастық бағдарламасының тұжырымдамасына қол қойды. Бағдарлама қос мемлекеттің 20 облысын қамтиды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, Қазақстан мен Ресейдің шекаралас өңірлерінің инвестициялық әлеуеті мен нарығын зерттеп, тиісті жобаларды қаржыландыру керек. Ол үшін қаржы институттарының жұмысын жандандыру қажет.

Қазақстан президентінің айтуынша, бұл бағдарламада жекелеген жобаларды қаржыландыру көздеріне мән беру керек. Мұнда Еуразия даму банкінің әлеуетін пайдаланған жөн.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз