Үкімет отырысында әкім мен шенеунік ескерту алды

0
180

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет отырысында жұмыс жасамайтын әкімдерге, кәсіпкерлердің жолын кесетін шенеуніктерге ескерту жасады. 

Өзін князь басшысы сезінетін әкім қатаң жазаланады. 

“Мен әкімдерге үндеу жолдап отырмын. Сіздер инвестиция тартумен айналысуларыңыз керек. Кейде кәсіпкерлер мен инвесторлар делегациясын қалай қабылдайтындарыңызды көремін. Бұл ешқайда жарамайды! Үстел төріне шығып аласыз, оларды екі, үш, төрт метр қашықтықта орналастырасыз. Өзіңізді қандай да бір князьдердің басшылары ретінде санайсыз. Инвестиция тарту сізге емес оларға керек сияқты”, -деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент инвестиция тарту үшін басқа елдерге барған Сингапурдың премьер-министрін мысал етті.

“Ли Куан Ю өте табысты мемлекеттің премьер-министрі бола отырып, ол үнемі АҚШ-қа да, басқа мемлекеттерге де бартынын және инвесторларды шақырып сөйлесетінін айтып өтті. Сіз шамамен осылай жұмыс істеуіңіз керек, өзіңізді керемет бір тұлға ретінде көрсетпей. Бұл сізге жараспайды. Әрине жағымпаздануға болмайды, бірақ жұмыс істеу қажет”, – деді Президент.

“Инвесторлар облысқа келген кезде, бірінші кезекте билік өкілдері тарапынан қандай да бір түсініксіз талаптарына жолығатынына шағымданады. Жұмыс тәжірибесіне қарамастан, әкімдер қатаң жазаланатын болады. Мен сіздерге ескерттім”, – деп қорытындылады ол.

Кәсіпкерлердің кәсіптерінің дамуына кедергі келтіретіндердің түрмеге түсетіндігін ескертті.  

“Отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулермен, ақша жинаумен, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау қажет. Мемлекеттік органдар мен олардың өкілдерінің бизнеске нұқсан келтіру әрекеттерін криминализациялау керек деп есептеймін. Заң бойынша қатаң шаралар қарастыру қажет. Бұл қылмыстық айыптау болуы да мүмкін. Бірақтар елде осындай тәжірибе бар. Бизнестің дамуына кедергі келтіретін шенеуніктер түрмеге түседі. Үкіметке заңға өзгерістер енгізуді тапсырамын”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз