Үкіметінің жаңа құрамы бекітілді

0
18

Президент Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Үкіметінің жаңа құрамын бекітті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінде жарияланды. 

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3-тармағына  сәйкес

Әлихан Асханұлы Смайылов – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;

Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары;

Гүлшара Наушарқызы Әбдіқалықова – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;

Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі;

Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі;

Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;

Дәурен Әскербекұлы Абаев – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі;

Күләш Шамшидинова – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі;

Марат Бақытжанұлы Бекетаев – Қазақстан Республикасының Әділет министрі;

Елжан Амантайұлы Біртанов – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі;

Арыстанбек Мұхамедиұлы – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі;

Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;

Сапархан Кесікбайұлы Омаров – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі;

Роман Васильевич Скляр – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі;

Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев – Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болып тағайындалуына қаулы етті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз