Кинода Назарбаевтың рөлін сомдаған актер Мәжіліс депутаты ретінде ант берді

0
254
Мәжіліс депутаты Нұрлан Әлімжанов ант беріп жатыр.

11 қыркүйек күні актер Нұрлан Әлімжанов Мәжілістің жаңа депутаты ретінде ресми тіркеліп, ант берді. 

“Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, маған жүктелген жоғары міндеттерді адал орындауға ант етемін”, – деді Әлімжанов ант беру рәсімінде.

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин жаңа депутаттың тіркелгенін мәлімдеді.

“Біздің қатарымызды тағы бір депутат толықтырды. Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен Nur Otan партиясының мүшесі Нұрлан Әлімжанов партиялық тізім бойынша Парламент Мәжілісінің депутаты болып тіркелді”, – деді спикер.

Әлімжановтың арызы бойынша, депутаттар оны Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің құрамына тағайындады.

Естеріңізге салайық, бұдан бұрын Әлімжанов ант беру рәсіміне келе алмаған болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз