Коронавирустан айыққан бұрынғы вице-министр жаңа қызметке тағайындалды

0
105
Бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың өкімімен Қамалжан Надыров Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы  қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

“Бұған дейін Камалжан Надыров денсаулық сақтау вице-министрі қызметін атқарды. Бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыровтың коронавирус жұқтырғаны 22 сәуірде белгілі болды. Дәл сол күні ол Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметіне кірісуі тиіс еді”, – деді әкімдіктегілер.

Надыров Нұр-Сұлтандағы жұқпалы аурулар ауруханасында емделді. 19 мамырда оның аурудан айыққаны хабарланды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз