Ұлттық банкте жаңа басшы

0
77

Парламент Сенаты Ерболат Досаевтың Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы лауазымына кандидатурасын мақұлдады.

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, конституциялық нормаларға сәйкес, Президенттің Ұлттық Банк басшысын тағайындауға келісім беруі Сенаттың айрықша құзыретіне жатады.

Президент Әкімшілігінің басшысы Әсет Исекешев “Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевтың отставкаға кетуін қабылдап, орнына Ерболат Досаевтың кандидатурасын ұсынды. Ерболат Досаев бүгінге дейін білікті қаржыгер ретінде қызмет барысында өзін көрсетті”, деді.


Ерболат Асқарбекұлы Досаев Алматы қаласында дүниеге келген. Алматы энергетикалық институты, Бауман атындағы Мәскеу Мемлекеттік техникалық университетін тәмамдаған.

1997 жылы – «Тұран Әлем Банкі» ЖАҚ Басқарма Төрағасының орынбасары «АТФ Банк» Басқарма Төрағасы; 1998 жылы – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі кеңесшісі; 1998 жылы – Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда Вице-министрі; 2000 жылы – Қазақстан Республикасы Қаржы Вице-министрі; 2001 жылы – Қазақстан Даму банкі Директорлар кеңесінің Төрағасы; 2001-2003 жылдары – Қазақстан Республикасы Табиғи монополиялар, бәсекелестікті қорғау және кіші бизнесті қолдау агенттігінің Төрағасы; 2003-2004 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрі; Қазақстандағы Еуропалық қайта құру және даму банкінің басқарушысы; Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқарма мүшесі; 2004-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрі; 2006-2012 жылдары «Қазинвестбанк» АҚ Директорлар Кеңесінің Төрағасы; 2012 жылғы 25 қыркүйекте – Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен (№ 390) Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрі қызметіне тағайындалды. 2013 жылғы16 қаңтарда – Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен (№ 468) Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі қызметіне тағайындалды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз