Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мақсаты мен құрамы қандай

0
119

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 17 шілдеде Ұлттық қоғамдық сенім кеңесімен таныстырды. Құрамында барлығы 44 адам бар. Кеңесті Тоқаевтың өзі басқарады.

 Ұлттық кеңестің негізгі міндеттері:

Кеңес мемлекеттік бағдарламалар мен заңдардың жобаларын қоғамдық сараптамадан өткізіп, жұрт пікірін ескеріп, стратегиялық мәселелерді қарап, “халық, саяси партиялар және билік арасында диалог” орнатуы тиіс.

1.Тұжырымдамалардың, мемлекеттік бағдарламалардың және нормативтік құқықтық актілердің жобаларына қоғамдық сараптама жүргізу.

2. Жұртшылықтың және азаматтық қоғамның пікірін ескере отырып маңызды стратегиялық проблемаларды қарау.

3. Жұртшылықтың, саяси партиялардың, үкіметтік емес сектордың және мемлекеттік органдардың өкілдері арасында сындарлы диалогты қамтамасыз ету.

4.Өзінің құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Ұлттық кеңестің құрамы:

  1.  Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы
  2. Көшербаев Қырымбек Елеуұлы
  3. Қарин Ерлан Тынымбайұлы
  4. Шораев Арман
  5. Әбенов Мұрат
  6. Әміртаев Азаматхан
  7. Ахметбеков Жамбыл
  8. Байтасов Арманжан
  9. Бұқарбай Бағытжан
  10. Дорофеев Михаил
  11. Еспаева Дания
  12. Жандосов Ораз
  13. Жолдыбайұлы Қайрат
  14. Жұмалы Расул
  15. Илеуова Гүлмира
  16. Иса Қазыбек
  17. Кенжеханұлы Рауан
  18. Қалиев Талғат
  19. Қожахметов Асылбек
  20. Қожық Жәнібек
  21. Қуат Дәурен
  22. Құттықадам Сейдахмет
  23. Мусин Бағдат
  24. Мұхибек Ауыт
  25. Мырзахметов Абылай
  26. Нұрбек Саясат
  27. Нұров Қанат
  28. Омарова Айман
  29. Орынбек Айгүл
  30. Ошақбаев Рахым
  31. Рахымбеков Төлеутай
  32. Садырбай Асхат
  33. Сайров Ерлан
  34. Сарым Айдос
  35. Споткай Максим
  36. Тайжан Мұхтар
  37. Тұрмағамбетов Жеңіс
  38. Тұрсынов Ермек
  39. Тілеухан Бекболат
  40. Чеботарев Андрей
  41. Шибұтов Марат
  42. Әшімбаев Данияр
  43. Арыстанбеков Қайырбек
  44. Әбдіғалиұлы Берік

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз