Мәдениет және спорт вице-министрі тағайындалды

0
93
Елдос Рамазанов Сурет: Atameken TV

14 ақпан күні Үкіметтің қаулысымен бұрынғы “Дзюдо федерациясы” РҚБ вице-президенті  Елдос Рамазанов ҚР мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Елдос Рамазанов 1971 жылы Қарағандыда дүниеге келген. М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1992 жылы бастаған. Коммерциялық секторда, ұлттық компанияларда жұмыс істеген. 2004-2006 жылдары Экономика және қаржы департаменті директорының орынбасары – ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің аппарат жетекшісі қызметтерін атқарды. 2018 жылғы ақпаннан бастап “Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы” ЗТБ төрағасының кеңесшісі, бас директор лауазымдарын атқарған. 2018 жылғы маусымда “Ұлттық Олимпиада комитеті” ҚБ бас хатшысының орынбасары болып тағайындалды.

2018 жылғы қазан айынан бастап “Дзюдо федерациясы” РҚБ вице-президенті.

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз