Мәжілісте қазақ-қырғыз шекарасы сөз болды

0
148

9 қаңтар күні ҚР Парламенті Мәжілісінің кезекті жалпы отырысы өтті. Депутаттар «Қазақ-Қырғыз мемлекеттік шекараларының режимі туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заң жобасын мақұлдады.

Екі ел арасындағы шекараны шегендеу туралы шартқа 2017 жылғы 25 желтоқсанда Астанада Қырғыз Республикасы мемлекет басшысының Қазақстанға ресми сапары шеңберінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жəне Қырғыз Президенті Сооронбай Жээнбеков қол қойған.

Бүгінгі шарттың басты мақсаты – Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы шекара сызығын халықаралық құқықтық деңгейде бекіту.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес шекарадан өтетін бір адамды рәсімдеу үшін 3 минут, жеңіл автокөлікті рәсімдеу үшін 15 минут, ауыр көлікті рәсімдеу үшін 25 минут, ал автобусты рәсімдеу үшін 30 минутқа дейін уақыт беріледі. Нормативтер бойынша осылай болуы керек. Бірақ, тәжірибеде одан біршама көп уақыт кетеді. Күн сайын Қазақстан мен Қырғызстан шекарасын 18 мыңнан астам адам, 600 көлік кесіп өтеді.

ҚР Шекара қызметінің директоры Дархан Ділманов

ҚР Шекара қызметінің директоры Дархан Ділманов Қазақстан тәуелсіздік алғалы шекарадан өтетін адам мен көлік саны 8 есе артқанын айтты. 20 жыл бұрынғы инфрақұрылым қазіргі жолаушы мен жүктердің ағымына сәйкес келмейді.

«Сол себепті, кейбір қиындықтар бар. Алайда, соңғы жылдары жолаушылар тізбегі азайған. Бұған қарамастан біз Шекара қызметінің күші мен құралдарымен, әзірге ішкі резервтерімізбен азаматтардың өтуін қамтамасыз ете тұрамыз», – деді Ділманов.

Қазақстанның мемлекеттік шекара сызығының жалпы ұзындығы 1257,07 шақырым. Шекара сызығында 1055 шекаралық бағана орнатылған.

Заң жобасы бір ауыздан мақұлданып Сенатқа жолданды.

 

 

 

 

 

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз