Мадина Әбілқасымова жаңа қызметке тағайындалды

0
172
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Мадина Әбілқасымова. Сурет: sputniknews.kz

12 наурыз күні Мадина Әбілқасымова ұлттық экономика бірінші вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Үкімет отставкаға кеткенге дейін Мадина Әбілқасымова еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болған еді. Оның орнына Ақтөбенің экс-әкімі Бердібек Сапарбаев келді. Ал ұлттық экономика министрі болып Руслан Дәленов тағайындалды.

“ҚР Үкіметінің Қаулысымен Әбілқасымова Мәдина Ерасылқызы ҚР ұлттық экономика бірінші вице-министрі болып тағайындалды”, – делінген үкіметтің сайтында.

М. Әбілқасымова 1978 жылы 1 тамызда дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын “Халықаралық экономикалық қатынастар” мамандығы бойынша, Колумбия университетін халықаралық қатынастар магистрі дәрежесімен “Экономикалық саясатты басқару” мамандығы бойынша, Гарвард университетінің Кеннеди атындағы Мемлекеттік басқару мектебін “мемлекеттік басқару магистрі” мамандығы бойынша бітірген.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз