Меркель неге қайта сайлауға түспейді

0
138
дереккөзден

Германия канцлері Ангела Меркель қазіргі мерзімі аяқталғаннан кейін канцлер лауазымына өзін неліктен бесінші рет ұсынбайтынын түсіндірді. Бұл туралы Меркель Украинада студенттермен кездесуі барысында мәлімдеді, деп жазады “Интерфакс-Украина”.

Меркель аталған лауазымда 13 жыл отырғанын алға тартып, өзге де саясаткерлерге жауапкершілікті сезінуге мүмкіндік беру қажеттігін атап өтті.

“Мен өзге де жастарға өз ойларын жеткізіп, партияны келесі сайлауға өзге көшбасшымен дайындауына мүмкіндік беру үшін аталған мәлімдемені жасадым”, – деп түсіндіреді Меркель.

Канцлер Германия халқы Христиан-демократиялық одағы мен Христиан-социалистік одағы партияларының ішкі дауын емес, елді дамыту жолына бастар әрекеттерді көргілері келетінін атап өтті.

29 қазанда Меркель канцлерлік лауазымда соңғы рет отырғанын мәлімдеп, 2021 жылы өтетін президент сайлауына өзінің кандидатурасын ұсынбайтынын алға тартты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз