Мінбердегі текетірес: Трамп vs Роухани

0
31
дереккөзден

АҚШ президенті Дональд Трамп БҰҰ Бас ассамблеясының 73-ші сессиясында Иран басшылығын Таяу Шығыстағы тұрақсыздық, дүрдараздық пен өлім-жітімде айыптады.

“Иран басшылары хаос, өлім және тұрақсыздық тудыруда”, – деп мәлімдеді Трамп.

BBC таратқан ақпарға сәйкес, Ақ үй басшысы АҚШ-тың Иранмен бірлескен ядролық мәміледен шығуын Таяу Шығыс елдері жылы қабылдағанын алға тартты.

Барак Обама президенттік еткен сәтте бекітілген мәміле Иранның ядролық мүмкіндігін шектейді, бірақ Иранға АҚШ тарапынан салынған санкциялар алынып тасталған еді.

БҰҰ сессиясында сөз алған Трамп Иран басшыларын өз көршілерін, өзгенің шекарасы мен топырақ бүтіндігін сыйламайды, деп айыптады. “Керісінше, ирандық басшылар елдегі қорды өз мүдделері үшін қолды етіп, Таяу Шығыс пен оның маңындағы аймақтарда дүрдараздықтың көрігін қыздырып отыр  “, – деп мәлімдеді.

Тамызда Вашингтон Иран тарапынан сатылатын алтын, өзге де құнды металдарға, сондай-ақ автокөліктерге салынған санкциялар мерзімін ұзартты. Қарашада АҚШ тарапынан Иранның мұнай өндіру, көлік саласы, сондай-ақ, Иран орталық банкіне жаңа санкциялар пакеті салынады деп күтілуде.

Ал Иранмен бірлескен мәмілеге АҚШ-тан қол қойған өзге мемлекеттер (Ресей, Қытай, Франция, Британия, Германия) Вашингтон санкцияларын айналып өтіп, Тегеранмен сауда қатынасы үшін төлем жасаудың жаңа механизмін құратындарын алға тартты. Аталған механизм Қытай, Ресей және Еуроодаққа Иранмен сауда қатынасын жасасуға мүмкіндік береді.

“АҚШ-тың Иранға саясаты -қате”
REUTERS / Carlo Allegri

Нью-Йорктегі БҰҰ Бас ассамблеясының 73-ші сессиясында сөз алған Иран Ислам Респбликасының басшысы Хасан Роухани АҚШ-тың Иранға жасаған саясаты әу бастан қате деп мәлімдеді. Вашингтонның иран халқының ұмтылыстарын жүзеге асыруға кедергі келтіргісі келген мақсатының күлі көкке ұшқанын мәлімдеген Роухани Иранмен достық қарым-қатынас жақсы нәтиже беретінін алға тартты. Оған мысал ретінде Роухани Тегеранның лаңкестікпен күресте өзге де мемлекеттермен ынтымақтастығын атап өтті.


Иран және алпауыт “алтылық” (Ресей, АҚШ, Британия, Қытай, Франция, Германия) 2015 жылы Иранның ядролық қаруын шектеу бойынша мәмілеге қол жеткізді.  Бірлескен іс-қимыл жоспары Тегеранның ядролық қаруды жасап шығару мүмкіндігін шектейді, өз кезегінде Иранға АҚШ пен Еуроодақ тарапынан енгізілген санкциялар алынып тасталған еді. Дегенмен, осы жылы Трамп аталған мәмілені тәрк ететінін мәлімдеп, Иранға қарсы санкцияларды қайта қалпына келтірді. “Алтылықтағы” өзге мемлекеттер АҚШ-тың бұл шешімін қолай көрмеді, бірлескен іс-қимыл жоспарын сақтауға мүдделі екендерін жеткізді.

 

 

Safina Said

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз