Өмірзақ Шүкеев Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды

0
139

Өмірзақ Шүкеев Түркістан облысының әкімі қызметіне тағайындалды. 

Жансейт Түймебаев облыс әкімі қызметінен босатылды. 

Облыс әкімі қызметіне дейін Өмірзақ Шөкеев Ауыл шаруашылығы министрі және Премьер-министрдің орынбасары қызметін қоса атқарған. Оның орнына бұрынғы Мәжіліс депутаты Сапархан Омаров тағайындалды.

Өмірзақ Естайұлы Шөкеев 1964 жылдың 12 наурызында Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласында дүниеге келді.

  • Мәскеу экономикалық-статистикалық институтын бітірген.
  • ҚР Президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеңестің кеңесшісі;
  • Президент Әкімшілігі мен Министрлер Кабинетінің қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары 1991—1993 жж. қызметтерін атқарған.
  • 1993—1995 жж. Түркістан облысының мемлекеттік меншік жөніндегі территориялдық комитетінің төрағасы.
  • 1995 ж. қараша айынан – ҚР Экономика министрі; ҚР вице-премьері болып қызметтер атқарған.
  • 1997 ж. қарашасынан 1998 жылдың сәуіріне дейін – «Тұран-Әлем» банкінің басқарма төрағасы;
  • 1998 ж. тамыз айынан – ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымында болды.
  • 1998 ж. тамыздың 19 – Қостанай облысының әкімі қызметін атқарған.
  • 2004 ж. наурызынан – Астана қаласының әкімі қызметін атқарған
  • 2006 ж. қыркүйектің 20-сынан – Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі.
  • 2007 ж. тамыздың 27-нен – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары
  • 2009 жылғы 3 наурыздан – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары
  • 2011 ж. 26 желтоқсанынан – “Самұрық-Қазына” ҰӘҚ-ң басқарма төрағасы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз