«Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрме жобасы

0
86

10 қараша Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты көшпелі ғылыми-білім беру және мәдени-ағартушылық көрме жобасын ұсынады.

Жобаның іс-шаралары Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Күні және Тәуелсіздік Күні мемлекеттік мерекелеріне орай жүзеге асырылатын болады.

Еліміздің астанасын Астана қаласына көшірген сәттен бері 20 жылдың ішінде алғаш рет Мемлекет басшысының Жеке архиві, Жеке кітапханасы және Музейі қорының зерттеу нәтижелері мен материалдары Алматы қаласы қалың жұртшылығының назарына ұсынылып отыр.

Осы жылдардың ішінде Астана әлемдегі ең танымал және құрметке лайық қала мәртебесін иеленіп, бүгінде жаһандық деңгейдегі маңызды шешімдер қабылданатын алдыңғы қатарлы ғылыми және мәдени орталыққа айналды.

Көрермендер назарына Елбасы кітапханасының архив, кітап, музей қорларының материалдары, сонымен қоса шет мемлекет және үкімет басшыларының Н.Ә. Назарбаевқа тарту еткен жоғары мемлекет наградалары, Қасиетті Құрандардың бірегей жинақтары, Н.Ә. Назарбаевтың әлем тілдеріне аударылған еңбектері ұсынылатын болады.

Аталған көрме 2018 жылдың 14-қаңтарына дейін жұмысын жалғастыратын болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз