Н. Назарбаев Татарстан президентін “Достық” орденімен марапаттады

0
136
Ақорда

Н. Назарбаев Татарстан президентімен кездесті. Кездесу барысында мемлекет басшысы Татарстан президентін бірінші дәрежелі “Достық” орденімен марапаттады. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ақорда

Келіссөздер барысында тараптар екі жақты қатынастардың қазіргі мәселелері және өзара ынтымақтастықты дамытудың алдағы жоспарлары жөнінде әңгімелесті.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Татарстан арасында бауырластық әрі сенімді қарым-қатынас орнағанын айтты.

Ақорда

Қазақстан президенті сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты жандандырудың маңыздылығына назар аударды.

Сіздерде ІТ-технологиялар саласы жақсы дамып келеді. Біздің жастарымыз бұл тәжірибені зерттеуі керек. Өңіраралық ынтымақтастық та ілгерілеп келеді. Екі жақты сауда көлемі 700 миллион долларға дейін өсті. Енді 1 миллиард доллар көрсеткішіне қол жеткізу керек,

– деді мемлекет басшысы.

Н. Назарбаев Татарстанның мұнай өнімдерін қайта өңдеу саласындағы тәжірибесін атап өтті.

Барлық мемлекеттер баламалы энергия көздерін пайдалануға көшетін болады. Бірақ, таяу 50 жыл ішінде мұнай мен газға деген сұраныс та сақтала береді. Осы уақыт кезеңін пайдаланып, біз өңдеу өнеркәсібін құруымыз керек,

– деді мемлекет басшысы.

“Ресейден асыл тұқымды қара мал алдық”

Сөз барысында Н. Назарбаев ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық мәселелеріне назар аударды.

 Ауыл шаруашылығы ғылымын дамыту қажет. Ресейге ет өнімдерін де жеткізе аламыз. Біз жоғары сапалы сиыр етін өндіру үшін шет елден асыл тұқымды ірі қара малды алып келдік,

– деді Н. Назарбаев.

Ақорда
“Ресеймен өзара қатынасымыз тұрғысында Татарстан жетекші орында”

Қазақстан президенті мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық, соның ішінде білім беру мен медицина саласындағы байланыстарды нығайту мәселелеріне назар аударды.

 Қазан қаласының табысты дамып келе жатқанына қуаныштымын. Ресеймен өзара жалпы қарым-қатынасымыз тұрғысынан алғанда Татарстан жетекші орындардың бірінде. Біз екі халықтың игілігі үшін ынтымақтастығымызды жалғастыра беретін боламыз,

– деді мемлекет басшысы.

Қазақстан – басты серіктесіміз – Татарстан басшысы

Өз кезегінде, Татарстан президенті Рустам Минниханов экономиканың түрлі секторларындағы тиімді екі жақты ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

Бүгінде Қазақстан – біздің басты серіктесіміз. Табысты бірлескен жобаларды жүзеге асыру тәжірибесі маңызды болып саналады,

– деді Татарстан Республикасының президенті.

Р.Минниханов Қазақстандағы білім беру жүйесінің даму қарқынын атап өтіп, студент алмасу үдерісін жандандыруға дайын екенін жеткізді.

«ЭКСПО-2017» көрмесі жоғары деңгейде өтті”

Сондай-ақ Татарстан Президенті Астанадағы халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесін аралап көрген кезде алған әсері жөнінде айтты.

«ЭКСПО-2017» көрмесі жоғары деңгейде өтті. Сіз қуатты әрі замануи алаң салдыңыз. Осы кешеннің базасында «Астана» халықаралық қаржы орталығының ашылуы айтулы оқиға болады деп ойлаймын. Біз келешекте Қазақстандағы әріптестерімізбен «Астана» халықаралық қаржы орталығы аясында жұмыс істегіміз келеді,

– деді Р.Минниханов.

Атап өтерлігі, 15 маусымда Қазақстан президенті Татарстан Республикасына мемлекеттік сапармен барды.

 

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз