Нұрділдә Ораз Ішкі істер министрінің кеңесшісі болды

0
450

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ерлан Тургумбаевтың бұйрығымен Ораз Нұрділдә Серікұлы Ішкі істер министрінің кеңесшісі болып тағайындалды.

Нұрділдә Ораз 1981 жылы дүниеге келген. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін, ҚР ІІМ-нің Қарағандыдағы академиясын (заңгер) бітірді. “Болашақ” бағдарламасымен АҚШ-та журналистика мамандығы бойынша білім алды.

Әр жылдары ЮСА (Алматы) телеарнасында журналист, 31 арнада жаңалықтар бағдарламасының жүргізушісі, Астана арнасында сарапшы әрі жүргізуші “Қазақстан” ҰТРК-ның «Apta.kz» сарапатамалық бағдарламасының жүргізушісі, Астана қаласындағы ІІД баспасөз қызметінің басшысы, ҚР ІІМ-нің мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры қызметтерін атқарды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз