Назарбаевқа “құрметті сенатор” атағы берілді

0
90
Нұрсұлтан Назарбаев пен Қасым-Жомарт Тоқаев.

30 мамырда өткен Қазақстан сенатының отырысында елді 30 жылдай басқарып, биыл наурызда отставкаға кеткен Нұрсұлтан Назарбаевқа “құрметті сенатор” мәртебесін беру мәселесі талқыға салынды.

Азаттық сайтының хабарлауынша, депутаттар ұсынысты бірауыздан қолдап дауыс беріп, парламент Назарбаевқа мәртебе беруді қаулы еткен.

Сенат депутаты Әли Бектаев “Назарбаевқа “құрметті сенатор” атағын беруден сенаттың мәртебесі өседі” деді.

Назарбаевқа “құрметті сенатор” атағын беруді биыл наурызда ант беріп, Қазақстан президенті қызметіне кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған. 27 мамырда сенат бюросының мүшелері ұсынысты түгел қолдаған.

Нұрсұлтан Назарбаев 19 наурызда мерзімінен бұрын отставкаға кететінін мәлімдеген еді. 3 сәуірде ол тиісті конституциялық заңмен реттелетін “Тұңғыш президент – Елбасы міндетіне кіріскенін” хабарлады. Билік бұрын сенат спикері болған Қасым-Жомарт Тоқаевқа көшті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз