Назарбаев Alstom компаниясының басшысымен кездесті

0
100
Нұрсұлтан Назарбаев Alstom компаниясының басшысымен кездесті. Сурет: Аkorda.kz

24 сәуір күні Нұрсұлтан Назарбаев Alstom компаниясының басқарма төрағасы Анри Пупар-Лафаржды қабылдады. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Елбасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында тараптар инвестициялық ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен перспективаларын талқылады.

Біз 7 жыл бұрын табысты ынтымақтастығымызды бастадық. Бүгінде кәсіпорындарыңыз теміржол саласында ғана емес, машина жасау саласында да жұмыс істеп келеді. Компанияңыз шығаратын өнім өңір елдерінде сұранысқа ие, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің көлік-транзит әлеуетінің артуына орай инфрақұрылымды дамытудың маңызды екенін атап өтті.

Қазір инфрақұрылымдық даму өңірдегі маңызды бағыттардың бірі саналады. Бұл Қытайдың “Бір белдеу – бір жол” бастамасына да байланысты. Біз теміржол желілерін салдық, – деді Елбасы.

Анри Пупар-Лафарж Нұрсұлтан Назарбаевтың инвестициялық ынтымақтастықты нығайту ісіндегі ролін атап өтіп, кездесуге мүмкіндік бергені үшін оған ризашылық білдірді.

Электровоз құрастыру зауытында көп техника шығарылды. Бұл өнім шетел нарығына да жеткізіліп жатыр. Әзірбайжанға экспорттауды бастадық. Біз қазақстандық мамандардың арқасында сапалы өнім шығаруға мүмкіндік алдық. Қазір өндірісімізді кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Зауыт қызметкерлерін 500-ден 700 қызметкерге дейін, кәсіпорынның өнімділігін жылына 100 электровозға дейін көбейту жоспарда бар, – деді Alstom басшысы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз