Назарбаев Асқар Маминмен кездесті

0
11
Сурет: elbasy.kz

19 тамыз күні Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-министр Асқар Маминмен кездесті. Бұл туралы elbasy.kz хабарлады.

Кездесу барысында биылғы 7 айдың қорытындысы бойынша еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері талқыланды.  

Нұрсұлтан Назарбаев Арыс қаласының әлеуметтік маңызды нысандары мен тұрғын-үйлерді қалпына келтіру үдерісіне, сондай-ақ Түркістанды дамыту үшін қабылданып жатқан шараларға ерекше назар аударды.

Сонымен қатар, кездесуде ұлттық экономикаға шетел капиталын тарту және ел өңірлерінің инвестициялық ахуалын жақсарту мәселелері қаралған.

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік және салалық бағдарламаларды, соның ішінде “Нұрлы жер”, “Нұрлы жол” және индустриалды-инновациялық даму бағдарламаларын жүзеге асыруды тиісті деңгейде қадағалауды қамтамасыз ету үшін  Үкімет пен “Nur Otan” партиясының бірлесе жұмыс істеуінің маңыздылығын атап өтті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз