Назарбаев Грузияның жаңа сайланған президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

0
164
дереккөзден

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Саломе Зурабишвилиді Грузия Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Өткен сайлаудағы жеңісіңіз – ел азаматтарының Сізге деген сенімі мен қолдауының, сондай-ақ Грузияның жаңа жетістіктері мен елдеріңіздің одан әрі өркендеуіне деген үмітін Сізбен байланыстыруының айқын дәлелі.

Елдеріміз арасындағы дәстүрлі достық пен түсінушілікке негізделген өзара тиімді ынтымақтастық халықтарымыздың игілігі үшін алдағы уақытта да нығая түсетініне кәміл сенемін» – делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев Саломе Зурабишвилиге зор денсаулық, амандық, жауапты қызметіне – табыс, ал достас Грузия халқына – бақ-береке тіледі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз