Назарбаев іссапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне барды

0
89
Сурет: akorda.kz

13 наурыз күні мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев іссапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне барды. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Елбасы БАӘ Абу-Даби қаласындағы көрікті жерлерінің бірі – шейх Заид мешітін аралап, елдің негізін қалаушы әрі тұңғыш президенті шейх Заид бен Сұлтан Әл Наһаянның рухына тағзым етті.

Сурет: akorda.kz

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев мешіт ғимаратының архитектурасымен танысып, Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

“Мешітке бір уақытта 50 мың адам сыяды. Ғибадат орнының бұрыштарына биіктігі 107 метр болатын төрт мұнара орнатылған. Бас ғимараттың сыртқы қабатын ақ мәрмәрмен көмкерілген 82 күмбез жауып тұр. Мешіттің ішкі аумағы 17 400 шаршы метр”, – делінген Ақорда хабарламасында. 

Нұрсұлтан Назарбаев БАӘ-ге соңғы рет 2017 жылдың 24 қазанында барған болатын. Ал, өткен жылдың жазында, Астана күндері қарсаңында Абу-Дабидің мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен Заид Әл Нахайян ресми іссапармен Қазақстанға ат басын бұрған еді. 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз