Назарбаевтың қатысуымен “IV ASTANA CLUB” отырысы өтті

0
82

13 қараша күні Елордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысумен «Астана клубының» отырысы өтті.

“Жақында Парижде Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстар келіссөздер мен диалогтардың жоқтығынан басталғаны туралы айтылды. Менің ұсынысымның мәні – әлемдік державалар әрқашан адамзаттың болашағын ойлап әлемдік істерге аса жоғары жауапкершілікпен қарауы тиіс. Әсіресе, Ресей, Қытай, АҚШ, Еуропалық одақ. Осы төрт тарап қазіргі заманда диалогтың жаңа форматын табуы тиіс”, — деді мемлекет басшысы “Астана Клубының” пленарлық отырысының ашылуында.

Президент Назарбаев атап өткендей, АҚШ Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Ұлттар Лигасын, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін БҰҰ-н құруға бастамашы болды.

ҚР президенті: Н. Назарбаев

“Мұның оңай емес екенін түсінемін, бірақ осы төрт тарап бас қосып, экономикалық, саяси, әскери және басқа да мәселелерді талқылауы үшін Астана алаңқайын ұсындым. Осы тұрғыда қырғи-қабақ соғыс кезінде қабылданған 1975 жылғы Хельсинки қорытынды актісін жаңартқан жөн деп санаймын. Осы стратегиялық құжаттың қабылданғанына 45 жыл толғанда – 2020 жылы қауіпсіздік пен ынтымақтастық бойынша конференция өткізуді ұсынамын”, — деді Қазақстан президенті.

Назарбаев жаңа келісімді қабылдау процесі оңай болмайтынын мойындап, “кейбір ірі державалар көпжақты форматта емес, екі жақты тәртіппен жұмыс істегенді жөн санайтынын” атап өтті.

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз