Назарбаевтың Ресейге жұмыс сапары басталды

0
87
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресейге жұмыс сапары басталды. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-ге жазды. 
Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Ресей басшысы Владимир Путинмен кездесіп, Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесі аумағындағы “Қазақстан” павильонын аралайды деп жоспарланған.
Айта кетейік, былтыр павильонды жөндеу жұмыстары қолға алынып, биыл аяқталды. Сонымен қатар Елбасы Мәскеу қаласының 872 жылдығына арналған мерекелік іс-шараларды тамашалайды.

Бұдан басқа, бүгін Ресейдегі Қазақстанның мәдениет күндері басталады. Отандық мәдениет қайраткерлері бес күн бойы Мәскеу сахналарында өнер көрсетеді. Қазақстандық кино туындылар да көрермен назарына ұсынылатын болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз