“Nur Otan” праймеризіне үміткерлер саны 11 мыңға жетті

0
102
Қасым-Жомарт Тоқаев (сол жақта), Нұрсұлтан Назарбаев (ортада) және Мәулен Әшімбаев "Нұр Отан" партиясының кезектен тыс съезінде. Нұр-Сұлтан, 23 сәуір 2019 жыл.

“Nur Otan” партиясының праймеризіне үміткерлер саны 11 мыңға жетті. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады.

Науқан басталғалы көптеген сарапшылар мен жалпы халықтың тарапынан сынға ұшыраған бұл науқанға қатысып, дауыс беру үшін “праймериз” ақпараттық жүйесіне 700 мың адам тіркелген.

Партияның баспасөз қызметі бұл туралы бейнеролик түсіріпті:

“Халықпен кеңінен талқылау мақсатында “Nur Otan” партиясы әрбір өңір, қала және аудан бойынша 216 сайлауалды бағдарламаның жобаларын жариялады. Оларды ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауында қойылған міндеттерді, сондай-ақ, “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасы аясында азаматтардың ұсыныстарын ескере отырып пысықтайды. Бірнеше күннің ішінде праймеризге қатысушылар 8 мыңнан аса талап-тілектер мен ұсыныс жинады”, – делінген.

Кандидаттардың орташа жасы – 43 жас, оның 37 пайызы – әйелдер. 11 мыңға жуық кандидаттың ішіндегі 35 жасқа дейінгі жастардың үлес салмағы – 29 пайыз.

Бір орынға 4 адамнан таласып жатқан праймериз кандидаттарының рейтингі 5 қазанда жарияланбақ.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз