ОСК-ның кезекті отырысы өтті

0
15
Дереккөзден

20 қарашада cаяси партиялардың, әділет министрлігі өкілдері, аумақтық сайлау комиссиялары, БАҚ өкілдерінің қатысуымен орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті.

Жиында 2021 жылғы 10 қаңтарға жоспарланған Парламент мәжілісі және мәслихаттарының депутаттарын сайлауға байланысты мынадай мәселелер қарастырылды: 

1) Кейбір саяси партияларды партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлауға жіберу туралы.
2) 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының сайлауына халықаралық ұйымның байқаушыларын аккредиттеу туралы.

“2020 жылғы 5 қарашада Орталық сайлау комиссиясы 6 саяси партияны Парламент Мәжілісі депутаттарын және партиялық тізімдер бойынша сайланатын мәслихаттар депутаттарын сайлауға қатысуға жіберу туралы қаулы қабылданды.”-деді сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов. 

Әділет министрлігінің ақпараты бойынша 2020 жылғы 11 қарашада “Бірлік” партиясы тіркеуден қайта өтіп, “ADAL” партиясы болып атауын өзгертті. Сондай-ақ 2020 жылғы 12 қарашада Қазақстан коммунистік халық партиясы да тіркеуден өтіп, Қазақстан халық партиясы болып өзгерді.

ОСК төрағасы Берік Имашев “ADAL” партиясы Түркістан облысында өз филиалын қайта тіркеуді және Шымкент қаласында партия филиалын есептік тіркеуді жүзеге асырғанын атап өтті. Осылайша, партия барлық өңірдегі мәслихаттарға сайлауға қатысуға жіберілді.

“Сайлау туралы конституциялық заңның 20-2-бабына сәйкес шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеуді сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша орталық сайлау комиссиясы жүзеге асырады.”- деді ОСК мүшесі Анастасия Щегорцова

Сыртқы істер министрлігінің 2020 жылғы 17 қарашадағы ұсынысы бойынша аккредиттеуге 29 байқаушы ұсынылды. Олардың барлығы аккредитациялауға шығарылды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз