Президент қатысқан Үкімет отырысы қалай өтті?

0
146

Үкімет үйінде жыл сайынғы әдетке сай Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Министрлер кабинетінің бір жылдық жұмысы қорытындыланып алдағы жылдың жоспарлары бекітілді. 

Министрлердің үш сағатқа созылған Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталғанға дейінгі көңіл-күйі қандай еді? Мемлекет басшысы қатысқан Үкіметтің кеңейтілген отырысы қалай өтті? Нендей өзекті мәселелер талқыға салынды? 2018 жылдың қорытындысы қандай? Елбасы қандай ескертулер жасады? Осы сынды сауалдарға жауап іздеп көрелік.

Мәдина Әбілқасымова ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Отырыс барысында Елбасы шетелден инвестиция тарта алмай жүрген министрлерге ұрысты. Несие алып, қайтара алмай жатқан компаниялар үшін Ұлттық банк төрағасы сын естіді.

Президентті тағы бір ашулындырған мәселе отандық банк қожайындарының ақша жымқыруы. Елдегі компаниялардың қарыз алып, қайтара алмай құрдымға кетуі. Мұндай компаниялар банктерге 4 трлн теңге қарыз. Қарызға батып, тоқырауға ұшыраған кәсіпорындар соңғы 3 жылда екі есе көбейген. Президент мұндай компанияларға ақша берместен бұрын, қатаң тексеруді тапсырды.

Ерлан Сағадиев ҚР Білім және ғылым министрі

“Сен дұрыс бағытпен келе жатырсың – жарайсың” Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің баяндамасына айтқан жауабы.

* Осы жолғы Үкіметтің кеңейтілген отырысында мақтау сөз естіген тек Сағадиев пен Біртанов қана.

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Рахматоллаұлы Әбдірахымов

 

 

 

 

 

 

 

 

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы

Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек 2020 жылға дейін тас жолдардың 85 пайызын тегістуге уәде берді. Отырыста Елбасы оған оңайға соқпайтын жаңа міндет жүктеді. АҚШ-қа тікелей ұшатын рейстер ашу қажет дейді.

ҚР Ішкі істер министрі – Қалмұхаммед Қасымов
Ақпарат және коммуникациялар министрі – Дәурен Абаев

2019 жылдың 30 қаңтар айында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысы

Жиын соңында Мемлекет басшысы министрлерді өз істеріне мығым болуға шақырды.

Ал саясаттанушылар Үкімет отырысы барысындағы Елбасының белсенділігін сан-саққа жорыса да, ешқандай кадрлық ауыс-түйіс болған жоқ.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз