Президенттікке үміткер Т.С. Рақымбек емтиханды қалай тапсырды

0
173

27- ші сәуір лингвистикалық комиссияның кезекті отырысында ҚР Президенттігіне үміткер “Ауыл партиясының” өкілі Төлеутай Сатайұлы Рақымбек емтихан тапсырды.

“Бекітілген үлгіге сәйкес үміткер жазылым, оқылым, айтылым бойынша тапсырмаларды орындады. Жазбаша жұмыс бойынша “Біздің күшіміз бірлікте” деген тақырыбында, оқылым бойынша М. Әуезовтің “Абай жолынан” үзінді, айтылым бойынша “Ел орда – Тәуелсіздік тұғыры” деген тақырыпта тапсырмаларды сәтті орындап шықты. Үміткер мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін көрсетті. Жазылым тапсырмасында емледен 2-3 техникалық қателер болды. Бірақ, стиль жағынан, сөз саптауы, сауаттылығы жағынан ескере келе мемлекеттік тілді толық меңгерген деген баға алды”- деді лингвистикалық комиссияның мүшесі, А. Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбек.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз