Президенттікке тіркеуден өткен үміткерлер

0
194

6 сәуір күні ҚР ОСК Төлеутай Сатайұлы Рақымбеков, Жамбыл Аужанұлы Ахметбеков, Әміржан Сағидрахманұлы Қосановқа президенттікке үміткерлер ретінде тіркеу туралы қаулы қабылданып, тиісті куәліктері берілді.

“Ауыл Халықтық- демократиялық патриоттық партиясы” қоғамдық бірлестігінің мүшесі Т.С. Рақымбеков ОСК- ның 2019 жылғы 29 сәуірдегі №21/253 қаулысымен ҚР сайлау туралы Конституциялық заңның талаптары сәйкестігі анықталып азаматтардың қолдарын жинау үшін қол парақтары берілді.
Рақымбековті қолдап Қазақстанның барлық 15 өңірінен 122 309 азаматтың қолы жиналды, олардың 120 754- і рас деп танылды.

”Біздің партияда 300 мың астам мүше бар, солардың ішінен мені ұсынғанына және президенттікке үміткер ретінде қабылданып қолыма куәлікті алғаныма өте қуаныштымын.  30 сәуірден бастап ресми түрде қол жинауды бастадық. Партияның филиалдары барлық облыстарда, республикалық деңгейдегі қалаларда, аудан орталықтарында, көпшілік ауылдар да бар. Әлеуметтік экономикалық дамуды ауылдан бастау керек. Халықтың 43% астамы ауылда тұрады. Қаланың өзінде де көпшілігі ауылдан шыққан . Сондықтан біздің сеніміміз мол”- деді Рақымбеков.

Картинки по запросу ахметбеков жамбылҚазақстан Коммунистік Халық партиясы қоғамдық бірлестігінің мүшесі Ж.А. Ахметбеков ОСК- ның 2019 жылғы 29 сәуірдегі №21/253 қаулысымен ҚР сайлау туралы Конституциялық заңның талаптары сәйкестігі анықталып азаматтардың қолдарын жинау үшін қол парақтары берілді.

Ахметбековті қолдап Қазақстанның 16 өңірінен 138 294 азаматтың қолын жинаған, олардың ішінен 135 506 рас қойылған болып есептелінді. ОСК- на қажетті барлық құжаттар ұсынылды және қойылған талаптарға сәйкес келеді.

Картинки по запросу қосанов
”Ұлт тағдыры” бірлескен ұлттық- патриоттық қозғалысы” қоғамдық бірлестігінің өкілі Ә. С. Қосанов ОСК- ның 2019 жылғы 30 сәуірдегі №22/253 қаулысымен ҚР сайлау туралы Конституциялық заңның талаптары сәйкестігі анықталып азаматтардың қолдарын жинау үшін қол парақтары берілді.

Қосановты қолдап Қазақстанның 14 өңірінен 131 189 азаматтың қолын жинаған, олардың ішінде 129 582 қол рас болып танылды.

”Өз басым биліктің қаншама сыншысы болсамда және өзімнің принциптік ұстанымымнан айнымасамда ОСК- на рахметімді айтқым келеді. Алдамызда сайлау науқаны тұр. Тоқаев мырза бұл сайлаудың әділ өтетіндігін айтты және соған сенеміз. Қол жинау мәселесінде ауыл- аймақта тұратын азаматтардан кешірім сұраймыз. Ұлт тағдырының негізінде құралған штабтар алыс аудандарға жете алмады. 11 мамырдан бастап сайлау науқаны бастағаннан кейін біз әрбір қазақтың үйіне баруға тырысамыз ”- деді Қосанов.

 

 

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз