Путин Астанаға келеді

0
98
дереккөзден

РФ президенті Владимир Путин 8-9 қарашада өтетін Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының саммитіне және аймақаралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін Қазақстанға келеді. Бұл туралы РФ басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков хабарлады.

– Ертең және арғы күні Путин Қазақстандағы Астана және Петропавл қалаларында болады, – деп мәлімдеді Песков Кремль өкілдеріне өткізілген брифинг барысында.

Песковтың хабарлауынша, Ресей басшысының күн тәртібінде ҰҚШҰ саммитіне қатысу, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен жеке кездесу, сондай-ақ, Ресей мен Қазақстан арасындағы аймақаралық ынтымақтастық форумына қатысу тұр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз