Путин мен Асад Сочиде кездесті

0
44
дереккөзден

Ресей Федерациясының президенті Владимр Путин 17 мамыр Сочиде Сирия Араб Республикасының президенті Башар Асадпен кездесті.

«Асад Сочиге мемлекеттік сапармен келді», – деп хабарлады Ресей президентінің хатшысы Д. Песков. Путиннің өзі Кремль таратқан ақпарға сәйкес, Асадты Сирия үкіметі әскерінің лаңкестік топтармен күресте айтарлықтай жетістікпен құттықтады.

Соңғы рет Путин мен Асад өткен жылдың 27 қарашасында кездескен еді. Еуроодақ елдері Мәскеуді Сирия президентін қолдағандары үшін айыптады. Сәуір айының ортасында Асад режимін қолдағандары үшін АҚШ-тың Ресейге қарсы ықтимал санкциялары туралы ақпар пайда болды.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз