Қырғызстан үкіметі отставкаға кетті

0
103
дереккөзден

Қырғызстан Республикасының президенті Сооронбай Жээнбеков бүгін 19 сәуірде «Қырғызстан Республикасының Үкіметін отставкаға жіберу туралы» Үкімге қол қойды. Бұл туралы Акиpress хабарлайды.

Қырғыз президентінің баспасөз қызметі таратқан ақпарға сәйкес, Жогорку Кенештің үкіметке сенімсіздік білдіруіне байланысты президент «Қырғыз Республикасының Үкіметі» конституциялық заңына сүйене отырып, үкіметті отставкаға жіберді.

Үкімге сәйкес, премьер-министр, вице-премьер министр, үкімет мүшелері жаңа үкімет құрамы жасақталғанға дейін бұрынғы қызметтерін атқара береді. Президент Үкімі қол қойған сәттен бастап күшіне енеді.

Жогорку Кенештің үкіметке сенімсіздік білдіру туралы шешімі бүгін, 19 сәуірде қабылданды, 102 депутат аталған шешімді қолдап дауыс берген. Жогорку Кенеш депутаттары Қырғызстан тарихында алғаш рет Сапар Исаковтың (премьер-министр -ред) үкіметінің отставкаға кетуін талап етті. С. Исаков 2017 жылдың 26 тамызында Қырғызстан басшысының үкімімен премьер-министр болып тағайындалған, есеп бойынша, 29-шы премьер-министр.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз