Сағынтаев іс-сапармен Сингапурге барды

0
65

ҚР Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Сингапурге ресми сапармен барды.

Сапары барысында Бақытжан Сағынтаев Қазақстан – Сингапур бизнес-форумына қатысып, Сингапурдың Премьер-Министрі Ли Сянь Лунмен кездесу өткізді. Сонымен қатар жетекші инновациялық компаниялармен Қазақстан экономикасын үшінші жаңғырту аясындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.

Қазақстан – Сингапур бизнес-форумына екі елдің іскерлік орталарының 500-ге жуық өкілі, мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың басшылары қатысты. Іс-шара аясында сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту, Қазақстан мен Сингапурдың бизнес құрылымдарының өзара іс-қимылының басым бағыттарын дамыту және перспективалық инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысты ауқымды мәселелер бойынша пікір алмастырылды.

Қазақстан Үкіметі сингапурлық компанияларды белсенді ынтымақтастық орнатуға және жаңа бірлескен жобаларды іске асыруға, оған қоса, «Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмысына және жекешелендіру бағдарламасына қатысуға шақырады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз