Сауда министрлігін құру қажет – Дариға Назарбаева

0
71
дереккөзден

ҚР Парламенті Сенатының халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева Үкімет сағаты барысында Қазақстанда сауда министрлігін құру туралы ұсыныс айтты деп хабарлайды Bnews.

“Сауда саласында үлкен мәселелер бар, реттеу және әкімшілік мәселелері. Мысалы, 2018 жылдың бір тоқсанында елдің Ішкі жалпы өнімінде көлік және логистика 8,2 %-ды құрады, әрі біз көлік және инфрақұрылым министрлігін құрамыз. 2018 жылдың бірінші тоқсанындағы Ішкі жалпы өнімдегі көтерме және бөлшек сауданың үлесі шамамен 15 %-ды құрады. Әрі әлі күнге дейін сауда министрлігі жоқ”, – деді Д. Назарбаева.

Назарбаева Қазақстан қазіргі уақытта барша еуразия құрлығында ірі транзит, көлік-логистикалық хаб екендігін атап өтті.

“Сауда бүгінде Ұлттық экономика министрлігінің еншісінде, онымен сауда департаменті айналысуда. Бір заң жобасын талқылау барысында жақында ғана біз олармен сөйлестік, олар ішкі саудаға әсер ету үшін, сыртқы сауданы айтпағанда, құралдың жоқтығын алға тартты. Елдің Ішкі жалпы өнімінде сауданың үлесі орасан зор болғанымен, өзінің министрлігі неге жоқ?”, – деді Д. Назарбаева.

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз