Сенат “Саяси партиялар” және “Сайлау туралы” заң жобасын мақұлдады

0
54
Қазақстан парламенті Cенатының ғимараты.

21 мамыр күні парламенттің жоғары палатасы “Сайлау” және “Саяси партиялар” туралы конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобаларын мақұлдады.

Заң жобаларына сәйкес, саяси партияларды тіркеу үшін бұрынғыдай 40 мың емес, 20 мың мүшесінің болғаны жеткілікті. Бұған қоса, құжат партияларды мәжіліс және мәслихат депутаттарына кандидаттардың тізімін жасақтау кезінде әйелдер мен жастарға 30 пайыздық квота қарастыруды міндеттейді.

Сенат отырысында заң жобаларының “елдің қоғамдық-саяси өмірі үшін өте маңызды екені” жиі айтылды. “Заң жобалары көппартиялық жүйені нығайтады”, “әлемде универсалды сайлау жүйесі жоқ” деген тұжырымдар бірнеше рет қайталанды.

Жоғары палата жиынында баяндама жасаған әділет министрінің міндетін уақытша атқарушы Наталья Пан заң жобаларының ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшелері, саяси партиялар, жастар арасында талқыланғанын айтты. Әлеуметтік желіде қызу пікірталас туғызғанын жеткізді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз