ҰҚШҰ кеңесінің отырысында 20-дан астам мәселе талқыланады

0
60

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) кеңесінің сессиясында мемлекет басшылары 23 мәселені талқыға салатын болады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кеңес отырысының ашылуында мәлімдеді.

Елорданың төрінде өткізіліп жатқан ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекет басшыларының кездесуіне Ресей, Белорусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Қазақстан Рсепубликасының басшылары мен Армения Республикасының премьер-министрі қатысуда.

Кеңеске қатысушы елдер басшыларын Президент Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік сарайында қарсы алып кеңес отырысын ашқан болатын.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті: Сіздерді Қазақстандағы ҰҚШҰ-ның кезекті саммиті аясында қарсы алғаныма қуаныштымын. Шараға қатысып отырғандарыңыз үшін алғыс білдіремін. Отырыс барысында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының инаритеті тыңдалып, 2018 жылы Қазақстанның төрағалық етуінің қорытындылары шығарылады. ҰҚШҰ-ға мүше елдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелері талқыланатын болады.
Сонымен қоса, Қырғызстан тарапы ҰҚШҰ-ға төрағалық етуінің басым бағыттарын ұсынатын болады.

Сондай-ақ, кеңес отырысының соңында Мемлекет басшысы күнді қорытындылап бұқаралыұ ақпарат құралдарына арналған баспасөз конференциясын өткізеді.

Мемлекет басшысы: Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шешімі мен төрт халықаралық шартқа қол қоюды қоса алғанда сессияның кеңейтілген кезеңіне 1,5 сағат бөлінген. Дегенмен, біз мұны жеделдете де аламыз. Себебі, маған баян етілгендей, барлық мәселелер біздің делегаттарымызбен келісілген. Отырыс аяқталғаннан кейін баспасөз алдына шығу болады. Егер қарсылықтарыңыз болмаса журналистермен өзім және Бас хатшының орынбасары Валерий Семериков барады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз