Сирия бойынша Астана келіссөздері қарашаның соңында өтеді

0
141

Кезекті Сирия бойынша Астана келіссөздері 28-29 қарашада өтеді. Бұл туралы сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов хабарлады.

Әбдірахмановтың сөзінше, кепілгер елдер Ресей, Түркия, Иран кезекті Сирия бойынша Астана процесінің 11 раундын 28-29 қарашада өткізуге келіскен. Министр кезекті келіссөздерге кепілгер елдермен қатар Сирия үкіметі және оппозиция өкілдері қатысатынын алға тартады. Бақылаушы ретінде Иордания мен БҰҰ өкілі шақырылған.

Бұған дейін Сириядағы дағдарысты ретке келтіру үшін Астанада Сирия келіссөздерінің он раунды өтті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз