Сирия Үкіметі Түркияны айыптады

0
49
Башар Джаффари/PHOTO: KAZAKNEWS.KZ/@safahtay

Сирия Араб Республикасының аумағында орналасқан Идлиб провинциясындағы жағдай ушығып кетті, себебі деэскалация аймақтары бойынша бекітілген міндеттерді Түркия орындамады, деп мәлімдеді 29 қарашада Сирия бойынша Астана процесінде мәлімдеме жасаған Сирия Араб Республикасы Үкіметінің БҰҰ-дағы өкілі Башар Джафаари.

“Келіссөздердің басты тақырыбы – жағдайы ушыққан Идлиб провинциясы болды”, – деп мәлімдеген Джафаари “Түркия мұнда өзіне жүктелген міндеттерді атқармай отыр”, – деді.

Түркия басқындығы

“Түркия Сирия аумағында орналасқан провинцияға ауыр әскерлерін енгізіп, халықты түркілендіру ісімен айналысуда, бұл өз кезегінде айқын – басқындық”, – дейді Сирия Үкіметінің БҰҰ-дағы өкілі.

“Түркия келісім бойынша провинция аумағына жеңіл әскер енгізгеннін орнына, тікұшақтар, әскерилер мен ауыр техника кіргізді” – Башар Джаффари.

Сирия Үкіметінің өкілі Түркияның аталған әрекетін Сирияның топырақ бүтіндігіне жасалған айқын басқындық деп қарайтындарын алға тартты. Сондай-ақ, Джафаари ресми Дамаск Сирияның солтүстігінен түрік әскерлері дипломатиялық тұрғыда шықпаса, “басқа шаралар” қолданатындарын қадап айтты.

Дамаск шарты

“Түркияның қазір өз әскерлерін аталған аумақтан 20 шақырымға алып кетуге мүмкіндігі бар. Егер Түркия дипломатиялық қадамды ұқпаса, біз басқа шараларды қолға аламыз” – Башар Джафаари.

Алепподағы атыс

Делегация басшысы Алепподағы химиялық шабуыл шетелдік күштердің қолдауымен, соның ішінде түріктердің қолдауымен жүзеге асырылғандығын алға тартты.

“Лаңкестік топтар өздерін қадағалап отырғандар жел бермесе, химиялық қару қолданған жоқ”, – деп атап өтті Джафаари. “Біз оларға кімнің қару бергенін білеміз”, – деген делегация басшысы “Бірінші кезекте түріктерді айтып отырмыз”, – деп сөзін түйіндеді.


29 қараша Астанада Сирия бойынша кезекті келіссөздерінің ХІ раунды түйінділді. Келіссөздердің қорытындысы бойынша ҚР СІМ басшысы Қайрат Әбдірахманов мәлімдеме жасады. Сондай-ақ, кепілгер елдер өкілдері (Ресей, Иран, Түркия) аталған келіссөздер қорытындысына қатысты. Сирия Үкіметі өкілдері мен оппозициялық делегация да пікірін ортаға салды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз