Түркия Қазақстан әскеріне “киберқауіпсіздік” мамандығын оқытады

0
81
Қазақстан мен Түркияның қорғаныс министрлері. Нұрлан Ермекбаев және Хулуси Акар. Photo: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Түркия Қазақстанның өтініші бойынша ел әскеріне “киберқауіпсіздік” мамандығын оқыту үшін квота бөледі. Бұл туралы 26 қазан күні Нұр-Сұлтанға сапармен келген Түркия қорғаныс министрі Хулуси Акар мен Қазақстан қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың қатысуымен өткен жиында белгілі болды. 

Қазақстан қорғаныс министрлігінің мәліметінше, тараптар көпмақсатты жеңіл броньдалған автомобильдерді, оптикалық-электрондық құралдарды жеткізу және бірлесіп өндіру жолымен өзара тиімді іс-қимылға көшкен.

Әскери білім беру шеңберінде Түркияның әскери училищелерінде курсанттарды оқыту жүргізіледі, сондай-ақ Қазақстан қарулы күштерінің әскери қызметшілерін түрлі оқу орталықтарында даярлау жүзеге асырылмақ. Осылайша, 2020 жылға Қазақстанның өтініші бойынша “киберқауіпсіздік” мамандығын оқыту үшін квоталар бөлінбек.

Өткен жылы Қазақстан қорғаныс министрлігі алғаш рет түрік әскери қызметшілерін Ұлттық қорғаныс университетінің базасында оқытуды ұйымдастырған болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз