ТМД елдері Үкімет басшылары 2019 жылы қайда бас қосады?

0
324

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің Үкімет басшылары 2019 жылы мамырында Түрікменстан астанасы Ашхабатта бас қосады. Бұл туралы шешім Астанада өтіп жатқан Үкімет басшылары кеңесінің отырысында қабылданды. 

ТМД-ның атқарушы хатшысы Сергей Лебедев кең құрамдағы келіссөз барысында «Түрікменстан тарапының ұсынысымен Үкімет басшылары кеңесінің келесі отырысы 2019 жылдың мамыр айының соңында, шашамен 31 мамырда Ашһабадта өтеді. Осыған орай бүгін айтылған барлық бастамалар мен ұсыныстар Атқарушы комитет тарапынан тыңғылықты сараланатын болады. Мұндай жұмыс Достастықтың жарғылық және салалық органдары деңгейінде оларды іс жүзінде жүзеге асыру үшін сәйкесінше құжаттар дайындау мақсатында жүргізіледі», – деп мәлімдеді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай ТМД Үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысында кеңе мүшелері ТМД аясындағы экономикалық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелеріне қатысты пікір алмасты. Кеңейтілген құрамдағы отырыста ТМД-ға мүше мемлекеттер арасындағы сауда-саттық кедергілерін жою мәселелері кеңінен талқыға салынды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз