ТМД мемлекет басшылары Назарбаевтың өкілеттігін тоқтатуына зор қимастық білдірді

0
94
дереккөзден

19 наурызда Нұрсұлтан Назарбаев өзінің президенттік өкілеттігін тоқтататынын хабарлады. Аталған күні Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.

Ақорда ақпарына сәйкес, мемлекеттер басшылары Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының президенті өкілеттігін атқаруын 2019 жылғы 20 наурыздан бастап тоқтатуына байланысты қабылдаған шешімі жөнінде әңгімелесті.

Президенттер алдағы уақытта тұрақты байланыстарын жалғастыра беруге уағдаласты.

Бұдан өзге Назарбаев Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

Шавкат Мирзиёев Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының президенті өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауына орай зор қимастық ниетін білдірді.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Нұрсұлтан Назарбаевты «осындай маңызды шешім қабылдай білетін ұлы саясаткер әрі Президент» деп атады. Екі ел көшбасшылары алдағы уақытта тұрақты байланыстарын жалғастыра беруге уағдаласты.

Сондай-ақ Назарбаев Армения Республикасының премьер-министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті. Пашинян Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының президенті өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауына орай қимастық ниетін білдірді. Армения премьер-министрі Никол Пашинян Нұрсұлтан Назарбаевтың екі ел арасындағы өзара табысты ықпалдастықты дамытуға елеулі үлес қосқанын атап өтті.

Бұдан өзге Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті.

Александр Лукашенко Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының президенті өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауына орай шынайы қимастық ниетін білдірді.

Александр Лукашенко Нұрсұлтан Назарбаевпен көп жылғы достығын және Қазақстан мен Беларусь арасында орнаған тату-тәтті қарым-қатынастарды жоғары бағалайтынын атап өтті. Екі ел көшбасшылары алдағы уақытта тұрақты байланыстарын жалғастыра беруге уағдаласты.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті. Сооронбай Жээнбеков Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының президенті өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауына орай қимастық ниетін білдірді. Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Нұрсұлтан Назарбаевтың екі ел халықтары арасындағы бауырластық қарым-қатынастарды нығайтуға зор үлес қосқанын атап өтті.Екі ел көшбасшылары алдағы уақытта  тұрақты байланыстарын жалғастыра беруге уағдаласты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз