Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жолдады

0
146
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. photo: akorda.kz

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті үндеуінде мәжіліс депутаттарын сайлау күнін 10 қаңтарға белгілегенін айтты. Ақорда сайты президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәжіліс депутаттарының сайлауын тағайындау туралы жарлыққа қол қойғанын хабарлады.

Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын депутаттардың кезекті сайлауы 11 қаңтарда өтеді. 

Үндеуде алдағы сайлауға дейін саяси жаңғыру, көппартиялықты дамыту және елдегі қоғамдық-саяси  өмірге азаматтардың қатысу аясын кеңейту мақсатында үш түрлі жол қарастырылған:

  1. Парламенттік оппозиция институтын құру туралы заңға өзгеріс енгізді. Енді парламент мәжілісі тұрақты комитеттерінің бір төрағасы мен екі хатшысы парламенттік оппозиция депутаттары арасынан сайланады.
  2. Парламентке және жергілікті өкілді органдарға әйелдер мен жастарды тарту мақсатында алғаш рет партиялық тізімге әйелдер мен жастар үшін 30 пайыз квота енгізілді.
  3. Алдағы мәслихат сайлауы алғаш рет партиялық тізім бойынша өтеді. Бұл саяси партиялардың жұмысын жандандыруға ықпал етпек.

“Мемлекетіміздің барлық азаматтарын белсенді азаматтық ұстанымын танытуға, Парламент мәжілісінің және мәслихаттың алдағы сайлауына ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын” – деп аяқтады Тоқаев.

Осыған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус індетіне байланысты сайлау онлайн өтуі мүмкін деп мәлімдеген еді. 

Қазақстанда соңғы рет мәжіліс сайлауы 2016 жылы 20 наурызда өткен. Заң бойынша, мәжілістегі 107 депутаттық орынның 98-і – партиялық тізім бойынша, тоғызы Қазақстан халқы ассамблеясы атынан сайланады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз