Тоқаев БҰҰ бас ассамблеясының 75-ші сессиясына қатысады

0
167
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. Photo: akorda.kz

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 21 қыркүйекте БҰҰ 75 жылдығына арналған кездесуге, 23 қыркүйекте БҰҰ бас ассамблеясының жалпы дебатына қатысады. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook парақшасында мәлімдеді.

Пандемияға байланысты кездесу онлайн түрде өтеді. Президент Тоқаев, БҰҰ Бас Ассамблеясының 75 жылдығына және жалпы дебаттардағы күн тәртібіне байланысты ағылшын тілінде екі бейнеүндеу жасайды.

Тоқаев өз баяндамаларында халықаралық өзекті мәселелерді шешу ісіндегі әлемдік қоғамдастықтың іс-қимылдарын үйлестірудің маңыздылығын, атап айтқанда коронавирус індетімен күрес, жаһандық экономикалық өсімді қалпына келтіру, терроризмге қарсы іс-қимыл, ядролық қаруды таратпау және қарусыздану, климаттың өзгеруі сияқты проблемаларды көтереді.

Мерейтойлық сессия “Біз қалайтын болашақ, бізге қажет Біріккен Ұлттар Ұйымы: мультилатерализмге ұжымдық бейілділігімізді нақтылау” деген ұранмен өтпек.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз