Тоқаев бюджет қызметкерлерінің еңбекақысын бір ай ерте көтеруді міндеттеді

0
76
дереккөзден

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter парақшасында Үкіметке бюджет саласындағы жалақысы төмен қызметкерлердің еңбекақысын көтеруді 1 шілдеден емес, 1 маусымнан бастау туралы тапсырма бергенін хабарлады. Оның айтуынша бұл шешім бір миллионнан астам азаматтық және мемлекеттік қызметкерлердің жағдайының жақсаруына тікелей әсер етеді.

27 ақпан Астанада “Нұр Отан” партиясының кезекті съезі барысында ҚР тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев бюджет саласында аз еңбекақы алатын азаматтардың еңбекақысын 30 %-ға көтеруді, ал атқарушы органдардың аз еңбекақы алатын азаматтарының жалақысын орта есеппен 25 %-ға көтеруді міндеттеді. Бюджет қызметкерлерінің еңбекақысын көтеруге 980 млрд теңге бөлінді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз