Тоқаев Дариға Назарбаеваны қабылдады

0
111
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сенат төрағасы Дариға Назарбаева. Сурет: inform.kz

2 шілдеде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаеваны қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесуде мемлекет басшысына Сенаттың қазіргі жұмыстары және сайлауалды тұғырнаманы заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету, соның ішінде азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетуге қатысты жоспарлары туралы мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев мал ұрлығы, есірткі таратқаны, әсіресе интернет арқылы таратқаны үшін жазаны қатаңдату қажеттігін айтты. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы қол астындағы қызметкерлердің жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылығы үшін мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының жауапкершілігін заңнамалық нормаға енгізудің маңызды екенін атап өтті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз